Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады

Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады
Фото: pixabay.com

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Келісім 2023 жылы 17 мамырда Сиань қаласында жасалған.
Құжат аясында екі ел арасында автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалдау көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау мен олардың аумақтары арқылы үшінші елдерге транзитті реттеуге жол ашады.Келісім Қазақстан көліктеріне Қытай аумағына, оның ішінде елдің оңтүстік-шығысындағы теңіз порттарына дейін баруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде екі елдің шекаралас аймақтарында тауарларды қайта тиеу шығындары мен уақытын қысқартып, импорттық тауарлардың құнына және қазақстандық экспорттаушылардың шығындарына оң әсерін тигізеді. Мұндай шарттар Қазақстандағы қытайлық тасымалдаушыларға да қатысты болады. Келісім аясында автокөлікпен тасымалдауға электронды рұқсат бланкілерін беру де жоспарланған. Қазір Қытай тарапымен шамамен 120 мың бірлік рұқсат қағазы айырбасталып жатыр. Қағаздан электронды форматқа көшіру қағаз бланкілерін өндіруге қосымша қаржылық шығын мен оларды тарату және бақылау процесіндегі адам күші факторын жояды.Айта кетерлігі, 2023 жылы бұл бағыттағы қазақстандық тауарлар экспортының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 661 пайызға – 44,4 мың тоннадан 338 мың тоннаға дейін өсті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді