Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған барлық тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды

Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған барлық тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен су тасқыны салдарын жою бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске бизнес өкілдері: «Verny Capital» ЖШС бас директоры Айдан Ақанов және «Integra Construction» ЖШС басшылығы Андрей Ким мен Құдрат Шамиев қатысты:. Аталған компаниялар басқа демеушілермен бірге аймақты қалпына келтіруге атсалыспақ. 

Ақмола облысында барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатады.

«Өңірдегі үйлерді жөндеу мен салуға барлығы 10,5 млрд теңге қажет. Оның 5 млрд теңгесін  Kaspi Bank, 1 млрд теңгесін RG Gold компаниялары бөледі. Алдағы уақытта шамамен 4 млрд теңге табу қажет. Әкімдіктің алдына 15 тамызға дейін су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының барлық тұрғындары жөнделген және жаңадан салынған немесе сатып алынған үйлерге кіруі тиіс деген міндет қойылды. Жұмыс кестесі бар, мердігерлер анықталып, барлық тиісті қаражат бөлінетін болады», — деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды су басқан аймақтардан көшіру үшін Атбасар ауданының Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарлануда.

Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.

«Біз ТЖ режимі жарияланған өңірлерде: Көкшетауда - 89, Жарқайың ауданында - 27, Есіл ауданында – 22, Астрахан ауданында – 34 және Жақсы ауданында - 10 дайын пәтер мен үйлері сатып алатын боламыз. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 үй сатып алу жоспарланып отыр», — деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ жергілікті билік облыстың жол және инженерлік инфрақұрылымын қайта жаңғыртуы керек. Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша автожолдарды, көпірлер мен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шілде айында аяқталуы тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді