Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 39 млн теңге өндірілді

Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 39 млн теңге өндірілді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 39 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылғы 7 маусымнан бастап Павлодар облысының аумағында “Борышкер – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды барынша өндіріп алу, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету болып табылады.

– Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті деректер базасы бойынша көліктердің нөмірлерін тексереді. Егер жүргізуші осы тізімде табылса, көлік құралы қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына жіберіледі. Аталған іс-шара басталғаннан бері облыс ПД полицейлері борышкер жүргізушілерден 39 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды. 52 көлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Әкімшілік айыппұл жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төленуі мүмкін. Айыппұлдарды келесі жолдармен тексеруге және төлеуге болады: онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардағы интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем qamqor.gov.kz., Kaspi kz.Egov kz. Естеріңізге сала кетейік, “Борышкер – 2023” іс-шарасы 30 маусымға дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді