Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Борышкер” ЖПІШ: Абай облысында айыппұл төлемеген жүргізушілерден 7 млн теңге өндірілді

“Борышкер” ЖПІШ: Абай облысында айыппұл төлемеген жүргізушілерден 7 млн теңге өндірілді
Фото: polisia.kz

11 наурызда Абай облысы аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. ЖПІШ барысында айыппұл төлемеген жүргізушілерден 7 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура, әділет департаментінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қабылданған қаулыларды уақытылы орындау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Профилактикалық іс-шара шеңберінде әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде борышкер жүргізушілерден 7 млн теңге айыппұл өндірілді. Арнайы айып тұрағына 89 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ рейдтік іс-шаралар барысында көлік құралдарының тасқынында 300 мың теңге көлемінде өтелмеген әкімшілік айыппұлы бар Lada 2170 көлік құралының жүргізушісі анықталды. 300-ден астам тұлғаға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі туралы хабарланды.

Әкімшілік және патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулы түскен күннен бастап 30 тәуліктен кешіктірмей әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның айыппұл төлеуге міндетті екенін еске салады.

Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін Абай облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы салынған әкімшілік айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді