Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан және АҚШ: геологиялық саланы дамытудың жаңа мүмкіншіліктері

Қазақстан және АҚШ: геологиялық саланы дамытудың жаңа мүмкіншіліктері
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Америка геологиялық қызметінің өкілдерімен кездесті. Достық диалог пен өзара түсіністік аясында өткен кездесу геология және геофизика салалары мамандарының бастарын қосты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Америкалық делегацияның құрамында Орталық Азия, Арктика, Еуропа және Ресейбойынша АҚШ геологиялық қызметінің Аймақтық ғылыми кеңесшісі Ингрид Верстратен, Америка геологиялық қызметінің энергетика және минералдық ресурстар орталығының директоры Тина Робертс-Эшби, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм, АҚШ елшілігінің атташесі және вице-консул Ксения Розенберг, сондай-ақ геофизика, геохимия және қашықтықтан зондтау қолданбалары саласындағы сарапшылар болды.

2023 жылғы ақпанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті мен АҚШ Ішкі істер департаментінің АҚШ Геологиялық қызметі арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, тараптар бірқатар салаларда белсенді ынтымақтастыққа ниетті. Бұған тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу және ғылыми зерттеулердің озық әдістемелерін әзірлеу кіреді.

Кездесуде геология саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың аспектілері талқыланды. Қазақстандық мамандарды даярлау мәселелері, зертханалық зерттеулерге әдістемелік тәсілдер, геологиялық деректердің базасы мен банктерін құру, сондай-ақ цифрлық деректер қорын құрастыру салаларына халықаралық тәжірибе мен заманауи технологияларды енгізу мәселелері өзекті тақырыптар болды.

Бұл маңызды қадам Қазақстанның геологиялық саласын дамытудың жаңа мүмкіншіліктерін ашады және елдің ғылым мен технология саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға ұмтылысын растайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді