Ср, 16 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ұлыбританияның мемлекеттік министрімен кездесті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ұлыбританияның мемлекеттік министрімен кездесті
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ганимен маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Бұл кездесу биылғы жылы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюмен нығайтылған екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасы болды.

Меморандум маңызды минералдар саласындағы стратегиялық әріптестікті өрістетуді көздейді. Белгіленген мақсаттарға тиімді қол жеткізу мақсатында тараптар Жол картасын әзірледі. Кездесуге қатысушылар осы негізгі құжатқа жақын арада қол қоюға бел буып, осылайша ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарын нығайтты.

Министр Қанат Шарлапаев өз сөзінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. 

«Біз бірлесіп жұмыс істеудің орасан зор әлеуетін көріп отырмыз және біздің серіктестігіміз экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар озық технологияларды енгізудің іргетасы болуға да септігін тигізеді деп сенеміз», - деп атап өтті министр.

Кездесуде тараптар маңызды минералдарды барлау, өңдеу, өндіру саласындағы бірлескен жұмыстардың келешегін талқылады. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар қайта өңдеу, маңызды минералдарды қайта өңдеу, сондай-ақ электрондық қалдықтар мәселелеріне назар аударды.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты