Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда РФ нөмірі бар көлік жүргізушілері жасаған 60 мыңға жуық бұзушылық тіркелді

Алматыда жыл басынан бері РФ нөмірі бар көлік жүргізушілері жасаған 60 мыңға жуық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД қалада жыл басынан бері РФ көліктерінің жүргізушілері жасаған 59 364 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлады. Айыппұл 21,3 миллион теңгеден астам соманы құрады.

– Айта кету керек, жол қозғалысына қатысушылардың осы санатындағы көлік жүргізу тәртібі нашар. Шет мемлекеттердің нөмірлері “Жол қозғалысы қауіпсіздігі” және “Сергек” автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы танылмайды деп жаңылысып, олардың жүргізушілері барлық жерде жол қозғалысы ережелерін бұзады: жылдамдықты шектен тыс асырады, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстарды кесіп өтеді, қарсы келе жатқан жолаққа өтеді, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамайды және т.б. Мұндай мәдениетсіздік көбінесе апаттар мен қайғылы зардаптарға әкеледі. Түрлі қулыққа бару арқылы жауапкершіліктен жалтару әрекеттері сәтті аяқталмайтынын және нәтижесіз болатынын ресми түрде мәлімдейміз. Заң – бәріне бірдей. Жол қозғалысы ережелері қатаң сақталуы тиіс, – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Алматы жолдарында шетелде тіркелген көліктердің қатысуымен 50-ден астам ауыр жол апаты орын алған. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 59 адам жарақат алды.

– Естеріңізге сала кетейін, Наурызбай ауданында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды. РФ тіркелген ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі, 2001 жылы туған О.есімді азамат Карьерная көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығып, КамАЗ көлігімен соқтығысты. Осы оқиға салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бостандық ауданында ауыр зардаптарға әкелген тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Нөмірі Ресейде тіркелген Infiniti жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен келе жатып, рөлді басқара алмай қалды және бөгетке соқтығысты. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан жас жолаушы-әйел ауыр жарақат алды. Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп түйіндеді Алмасбеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда