Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол апаты туралы айтты

Алматы полициясы мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол апаты туралы айтты
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол апаты туралы айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 355 адам жарақат алған.

– Мопедтерді пайдаланумен байланысты негізгі қауіптердің бірі – олардың жылдамдығы мен қуатының жоғарылығы. Мопедтің цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден асатын болса және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 километрден асса, ол жолда айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл мопедтер жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алуына, тіпті адам өліміне әкелетін ауыр жол-көлік оқиғаларын тудыруы мүмкін. Қазіргі уақытта жастар арасында баламалы көлік түрлері танымал болды. Алматы жолдарында олардың 50 мыңнан астамы жүр, сәйкесінше, бұл фактор жалпы жол-көлік оқиғаларының деңгейіне кері әсерін тигізуде, – дейді Алматы қалалық ПД ІСКБ арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Дәурен Мырзаханов.

Мырзахановтың айтуынша, жолдағы қайғылы оқиғалар тоқтар емес. Өткен аптада Алматыда адам өліміне әкелген апат болды.

– Мопедтердің жұмысына байланысты мәселе бір күнде шешілмейді. Қаламыздың жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мопед иелері мен жалпы жұртшылықтың біртұтас күші қажет. Бұл жолдағы алғашқы қадам – әрбір жол қозғалысына қатысушының өз жауапкершілігін сезінуі. Мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын, – деді Дәурен Мырзаханов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты