Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Мұны түсіндіре алмаймын". Адвокаттың сұрағы Бишімбаевты тығырыққа тіреді

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленушілердің адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаевтан Салтанат Нүкенова қайтыс болған бөлмеден неге марқұмның саусақ іздері табылмағанын сұрады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Еске салайын, кеше маман қорытындылары жарияланған кезде Салтанат Нүкенованың саусақ іздері еш жерден табылмағаны айтылды. Бишімбаевқа қояр сұрағым бар: бізге айғақ бергенде, сіз Салтанатпен кабинада бірге ішіп, әжетханада отырғандарыңызды айттыңыз. Қалайша бірге ішесіздер, егер бокалдар, стақандар, бөтелкелердегі саусақ іздері тек сіздікі ғана болса?" - деп сұрады қорғаушы.

Бұл сұраққа Бишімбаев жауап бере алмады.

"Шынымды айтсам, білмеймін. Басқа қорытындыларда, оның курткасында саусақ іздері және т.б. бар. Бөтелкемен мен құйған шығармын, вазаны ұстамаған шығар. Мен мұны түсіндіре алмаймын", - деді сотталушы.

Жәбірленуші тарап: Салтанат стаканды ұстамай іше ала ма?

"Мен оның ішіп отырғанын көрдім. Ал саусақ ізі қалай алынғанын мен қалай түсіндіре аламын", - деп жауап берді Бишімбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады