Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады

 

Қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін саусақ іздерін пайдалана алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Департамент директорының айтуынша, «Биометрия» жобасы арқылы жеке тұлғалардың бет-әлпеті мен саусақ іздерін Халыққа қызмет көрсету орталығында және egov.kz порталында жеке сәйкестендіру паролін сұрау кезінде қолдануға болады.


Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бет-әлпет пен саусақ іздері арқылы барлық мемлекеттік қызметтерді және қоғамдық қол жеткізу орнынан мекенжай анықтамасы мен жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы екі қызметті алуға болады.


Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биометриялық деректер базасына тіркелу ЭКСПО аумағындағы қызмет көрсету орталығында, Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданы ХҚКО бөлімшесінде, Қызылорда қаласында Мұратбаев көшесі 2е, №1 бөлімінде жүзеге асып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін биометриялық деректер базасы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтып өткен болатын. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы бойынша, азаматтар 2021 жылдан бастап, биометриялық ақпаратты (саусақ іздерін) міндетті түрде тапсыруы қажет. Алайда 2021 жылға дейін азамат өз еркімен биометриялық ақпаратын (саусақ іздерін) бізге өз еркімен қалдырғысы келсе, жоғарыда аталған қызметті тұрғындар пайдалана алады, - дейді ол.


Мемлекеттік қызметтерді саусақ ізімен алу тетігі 2019 жылдың қыркүйегінде толықтай іске қосылады деп жоспарланған. Бүгінде биометриялық деректер базасына 14 299 адам тіркеліп үлгерген.


 Айта кетейік, аталған жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Сурет: islam.ru
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді