Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: Президент су тасқынымен күреске барлық күшті жұмылдыру міндетін қойды

Олжас Бектенов: Президент су тасқынымен күреске барлық күшті жұмылдыру міндетін қойды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан обылсында Есіл өзенінің жайылмасын тікұшақпен айналып өтіп, Сергеев су қоймасындағы жағдайды тексерді. Сондай-ақ Есіл өзені арнасынан асқан жағдайда су басудың алдын алу және залалды азайту үшін Петропавл қаласының маңындағы бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар тексерілетін болады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысына Сергеев су торабы қазіргі уақытта қуатының шегінде жұмыс істеп жатқаны туралы баяндалды. 8 сәуірдегі жағдай бойынша 6017 м3/с деңгейінде су келуі тіркелді, оны жіберу 4720 м3/с деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Сергеев су қоймасы пайдалануға берілген 1969 жылдан бастап судың максималды шығыны 3600 м3/с деңгейінде болған. Осылайша, қазіргі су қоймасының толуы соңғы 50 жылда алғаш рет орын алып отыр және алдыңғы максималды көрсеткіштерден 2 есе дерлік асады.

Су тасқыны кезеңінде су қоймасының деңгейі (1 млрд 366 млн м3/с) қолмен реттеліп отыр, яғни қалыпты жағдайға (693 млн м3/с) қарағанда, көбірек су ұстап тұра алады. Қазіргі уақытта су қоймасындағы көлем – 1 млрд 247 млн м3/с. Судың келуі мен оны жіберу көлемі бір деңгейде – 4 млрд 720 млн м3/с. Мәселен, қазіргі уақытта су қоймасы 180%-ға толып отыр. Максималды межеге дейін 100 млн м3/с су қабылдай алады. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 500 млн м3/с су жіберілді.

Қазгидромет болжамына сәйкес, биылғы 6-12 сәуір аралығында күннің күрт жылынып, қар еруіне байланысты келетін су көлемі 2400-ден 3600 млн м3/с-қа дейін ұлғаюы мүмкін.

Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларды толыққанды жүргізу әрі ғимараттардың қирауына жол бермеу үшін Олжас Бектеновтің тапсырмасымен ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлері бригадаларының 300 әскери қызметкері Астана қаласынан Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. ҚР Ұлттық ұлан академиясынан 400 курсант және ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің 300-ден астам қызметкері тартылды. Бұл ретте өңірге көмек көрсету үшін тартылатын әскерилер санын одан әрі ұлғайту жөнінде команда берілді. Айта кету керек, қазіргі уақытта қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов – Қостанай облысында.

«Президент су тасқынымен күреске барлық күшті жұмылдыру міндетін қойды. Біз Солтүстік Қазақстан облысының өзіне Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның мыңға жуық қызметкерін жұмылдырдық. Міндетіміз – Есіл өзені арнасынан асып кеткен кезде үлкен зардаптардың алдын алу. Мұндай ауқымдағы су көлемі Сергеев су қоймасының бүкіл тарихында алғаш рет орын алуда», — деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша бірінші вице-премьер Роман Скляр СҚО-ның құрылыс және жол-құрылыс компанияларының басшыларын су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсетуге шақырды. Ауыл тұрғындарының өміріне қауіп төндірмеу, өңірдегі әлеуметтік және стратегиялық объектілердің зақымдануын болдырмау үшін су тасқынына қарсы жұмыстарды ұйымдастыруға қолда бар күштер мен арнайы техниканың барлығын шұғыл кооперациялау және жұмылдыру қажеттігі айтылды. Өз кезегінде кәсіпкерлер адамдар мен техниканы ұсынуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жанар-жағармай жеткізуге дайын екендерін мәлімдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді