Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы  қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Қазақстан Премьер-Министрі, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексеріп, Мемлекет басшысының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, бірқатар су қоймаларын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барды, сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Сол жерде Олжас Бектенов су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді. Мәселен, әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың маусым айының соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды. 

Жалпы облыста тасқын қаупі әлі сейілмеген. Қазір өзендердің көпшілігінде су арнасынан асып кеткелі тұр. Өңірде 772 үй су астында қалды. Облыстың 5 ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамнан 3140 адам, 664 техника жұмылдырылды. Барлығы 8 763 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Олжас Бектенов көлемі 15,8 млн м3 болатын Мағаджан бөгетін аралап көрді, онда қарғын су ағыны салдарынан Мағаджан су қоймасының бөгеті бұзылды. 1985 жылы пайдалануға берілген. Гидротехникалық құрылыс жекеменшік «Тұлпар» ЖШС компаниясының иелігінде. Қызылту ауылынан 25 адам, Табантал қыстағынан 11 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар болжамдарға сәйкес, 5-11 сәуір аралығында облыстың барлық аумағында ауа температурасы айтарлықтай жылынуы мүмкін, қатты жауын-шашын күтілмейді. Осыған байланысты су тасқынынан зардап шеккен ауылдармен қатар, қайта су алып кету қаупі жоқ аймақтардағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін де қалпына келтіруге назар аударылды.

Мәселен, қазірдің өзінде 26 елді мекенде электр қуатымен жабдықтау қалпына келтірілді. «Энергожүйе» ЖШС-нің барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Республикалық маңызы бар 9, облыстық маңызы бар – 3 жолда және 9 аудандық маңызы бар жолда судың тоқтауына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталды. Өңірде шығынды өтеу комиссиясы жұмыс істейді. Үш күн ішінде комиссияға материалдық шығындарды өтеу туралы 1623 өтініш түскен. Алгоритмге сәйкес, ТЖ орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде келтірілген шығынды өтеу туралы жергілікті әкімдіктерге өтініш беріледі. Сонымен қатар Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар әкімдікке тиісті өтінішпен жүгіну арқылы бір реттік төлем ала алады.

Олжас Бектенов облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында болды. Ахуалдық орталықтың операторлары «109» қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталық арқылы халықпен байланыста болады. Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері 109 ахуалдық орталығына 15 мыңнан астам қоңырау түскен. 12 293 өтінім тіркелді. Ахуалдық орталық күшейтілген режимде жұмыс істеуде, оған ТЖ және су тасқынына қарсы штаб қызметтері қосылған.

Қорытынды бойынша Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексерулер жүргізуді тапсырды. Ақтөбе облысында барлығы 206 гидротехникалық құрылыс бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді