Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Lux Shoes" аяқ киім фабрикасы табан мен қалып өндіру бойынша жаңа желіні жолға қойды

"Lux Shoes" ЖШС Шымкент қаласының Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында табан мен қалыптарды өндіру фабрикасы іске қосылды. Зауыттың қуаты ЭВА материалынан 250 жұп табан, термодан 350 жұп табан және 150 жұп табан каучуктен шығаруға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Аяқ киім өндіретін отандық кәсіпорын "LUX Shoes" ЖШС 2018 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы Еңбекші ауданының "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында жұмыс істейді. Жобаға салынған инвестиция сомасы 400 млн. теңгені құрады, фабрикада 40 адам еңбек етеді.


Сонымен қатар, 2020 жылдың басында кәсіпорында балалар, ерлер және әйелдердің аяқ киімдеріне арналған қалыптар мен табандар, сондай-ақ арнайы мақсаттағы аяқ киімдерге арналған табандар өндірісі жолға қойылды. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында өндірісті кеңейтуге 290 млн.теңге бөлінді және жергілікті тұрғындар үшін қосымша 10 жаңа жұмыс орны құрылды.


Шығарылатын өнім ассортиментінде ерлер аяқ киімінің 30-дан астам моделі бар (етік, бәтеңке, туфли, сандалии, спорттық аяқ киім және басқалар). Аяқ киімнің барлық модельдері таза былғарыдан жасалған және жоғары беріктікке ие. Аяқ киім табанын дайындау процесінде мынадай материалдар пайдаланылады: ЭВА, термо және каучук.


Өз кезегінде, арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым түріндегі жеңілдіктері мен преферациялары, жерге, мүлікке салықтардан, корпоративтік табыс салығынан босату, импорттық ҚҚС-тан босату, импортталатын шикізат пен жабдыққа кедендік баждар кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті өнімдерімен толтыруға мүмкіндік береді.


Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жұлдыз тұрғын мекені, 127 құрылыс

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды