Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2020 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі 15% - ға өсті

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15% - ға өсіп, 128,7 млрд. теңгені құрады. Өсім аталмыш бағыттың барлық ішкі салаларында байқалады: мысалы, тоқыма бұйымдары өндірісінде 4,5% - ға, киім өндірісінде 5,5% - ға, сондай-ақ былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде 131,1% - ға, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Өткен жылы 1,606 млрд. теңге инвестиция сомасына 6 жоба іске қосылып, 1145 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде "Turkistan Textile" ЖШС тігін бұйымдарының өндірісі, "Бал Декор" ЖШС кілем бұйымдарының өндірісі, "В.А. E. R" ЖШС дәке таңу материалдарының өндірісі, "DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС ылғалды майлықтар өндірісі, "СП "LUX SHOES" ЖШС табан өндірісі, сондай-ақ "FIBC Kazakhstan" ЖШС пішу цехы және "Кублей" ЖШС тері өңдеу цехы бар.


Бұдан бөлек, 2020 жылы халықты бетпердемен қамтамасыз ету үшін өндіріске 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды: "Dalatex" ЖШС (Қызылорда қ.), "Большевичка" ЖШС (Қостанай қ.), "Эко-Фарм" ЖШС (Шымкент қ.), "Ас Фарм" ЖШС (ШҚО), "Тыныс" АҚ (Көкшетау қ.), "КазЛегПром" ЖШС (Алматы қ.), "Жанарыс" ЖШС (Маңғыстау обл.) және т. б. селдір матадан және бөзден күніне 700 мың бетперде әзірлейді.


Тігін кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында "Azala Textile" ЖШС қуаттылығы тәулігіне 10,0 мың м.б. селдір мата шығаратын 9 станок іске қосылды. Өндірістік кезең мемлекетаралық талаптарға сәйкес жолға қойылған. Сондай-ақ, кәсіпорын тығыздығы төмен ағартылған мақта матасын (бөз, миткал) шығарады.


Өткен жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі жол картасы бекітілді. "Альянс" ТПК және "Azala Textile" ЖШС тоқыма кәсіпорындарын "Оңтүстік"АЭА субаймақтарына қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұған дейін 2019 жылы жеңіл өнеркәсіп саласы қызметінің түрлері "Астана жаңа қала"АЭА қызметінің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген болатын.


ЕАЭО алаңында одан әрі пысықтау үшін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары пайдаланатын шикізатқа (маталар, жіптер, фурнитура және т.б.) кедендік әкелу баждарын төмендету мәселесі қарастырылуда.


Министрлік аяқ киім тауарларын таңбалау және бақылау бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Тиісті жол картасы, сондай-ақ аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Бұдан бөлек, жеңіл өнеркәсіптің кейбір тауарларын таңбалау бойынша ұқсас пилоттық жоба басталды.


Айта кету керек, 2021 жылы 274 жұмыс орнын құрумен 5,429 млрд.теңге инвестиция сомасына 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша салада 1210 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 97% - шағын кәсіпорындар, салада жұмыспен қамтылғандар саны 20,6 мың адамды құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді