Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бағдат Мусин IT-саладағы әйелдермен кездесті

Бағдат Мусин IT-саладағы әйелдермен кездесті
Фото: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық кәсіпкер-әйелдермен кездесу өткізді. Кездесуге «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымының мүшелері, «ҰАТ» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері, сондай-ақ «Astana hub» халықаралық технопаркінің әйел резиденттері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылау әйелдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы рөлі, олардың осы стратегиялық маңызды салаға белсенді қатысуы үшін жасалатын жағдайлар, сондай-ақ цифрлық дамудағы перспективалар мен инновациялар туралы болды.

Кездесу барысында Министр қатысушылардың әрқайсысының еліміздің қоғамдық және экономикалық саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Бүгінгі күн біздің қоғамның дамуындағы маңызды сәт болып саналады, бүгінде әйелдер цифрлық экономикаға белсенді түрде қосылып, инновациялық жобаларды қалыптастыруда. Біз сіздердің әлеуетіңізді көріп отырмыз және жаңа мүмкіндіктер мен технологиялық инновацияларды жасауға көмектесетін идеяларыңыз бен ұмтылыстарыңызды жүзеге асыруда қолдауға дайынбыз. Әйелдер біздің қоғамдық және экономикалық өмірімізге үлкен үлес қосады және мен олардың еліміздің цифрлық прогресінің ажырамас бөлігіне айналғанын көргеніме өте қуаныштымын. Бұл іс - шара АКТ саласындағы барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге деген ортақ ұмтылысымыздың аз ғана бөлігі», - деді министр Бағдат Мусин.

Сондай-ақ министр әйел әріптестеріне адал еңбегі, шыдамдылығы, даналығы мен жауаптылығы үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

Әйелдер – Қазақстанның маңызды экономикалық ресурсы. Бұл ретте келесі статистикалық деректерді ұсынамыз:

- Әйелдердің 64% - ы магистр дәрежесіне ие;

- Әйелдердің 56% -h Рh.D. дәрежесі бар;

- Шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлердің үлесі - 48% ;

- әйелдердің ЖІӨ-ге қосқан үлесі - 30,8%;

- IT-секторындағы әйелдердің үлесі - 31%.

Әлемдік статистика сүйенсек, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жұмысшылардың тек 18,5% - ы әйелдер. Бұл сандар әйелдердің еліміздің экономикасы мен қоғамының түрлі салаларына қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады