Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин

Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин
Фото: ЦДИӨМ баспасөз қызметі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин NVIDIA корпорациясының аймақтық менеджері Антон Джораевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Кездесуде тараптар Ұлттық LLM (үлкен тілдік модельдер) құру үшін жеткілікті NVIDIA есептеу ресурстарын алу мүмкіндіктерін талқылады.

ЦДИАӨМ министрі Бағдат Мусин IT саласының заманы мен тенденцияларына сәйкес дамып, елдегі AI мүмкіндіктерін падалана отырып, кәсіпкерлерге есептеу қуатын басымдық ретінде пайдаланатын мүмкіндік жасаудың және оларды оқытудың мақсатты бағдарламасын ұсынудың маңыздылығын атап өтті.

NVIDIA электронды ойын консольдерінен бастап дербес компьютерлерге дейін қолданылатын интегралды схемаларды жасаумен танымал. Компания жоғары сапалы графикалық өңдеу блоктарының (GPU) жетекші өндірушісі.

Қазіргі уақытта NVIDIA экожүйесіндегі жасанды интеллект (AI) және деректер ғылымы саласындағы стартаптарды қолдайтын және дамытатын, оларды ресурстармен, тәжірибемен және мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін виртуалды үдеткіш NVIDIA Inception бағдарламасы бойынша Астана хаб стартаптарына арналған онлайн вебинарға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылдың басында Қазақстанның жоғары оқу орындарында DLI бағдарламасы бойынша онлайн-вебинар өткізу жоспарлануда, ол терең оқыту және жасанды интеллект бойынша практикалық курстар мен сертификаттарды ұсынып, жеке тұлғалар мен ұйымдардың озық технологиялар бойынша тәжірибесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

NVIDIA бастамаларын экожүйеге біріктірумен қатар, Astana Hub базасында AI академиясын құру ұсынылды, оның мақсаты -  Орталық Азия елдері үшін бейімделген жасанды интеллект саласындағы базалық курсты оқыту.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты