Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны шетелден көлік жеткіземін деп 15 азаматты сан соқтырған

Астана тұрғыны шетелден көлік жеткіземін деп 15 азаматты сан соқтырған
Фото: polisia.kz

Астана тұрғыны шетелден көлік жеткіземін деп 15 азаматты сан соқтырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше айдың ішінде Астана тұрғыны Моңғолия Республикасынан көлік жеткіземіз деген желеумен 15 азаматты алдап кеткен. Алаяқтың қолынан Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары зардап шеккен.

Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы сатып алуға уәде берген азамат жәбірленушілерден ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсап үлгерген. Ол ақшаның бір бөлігін тұтынушыларға көлік сатып алуға жұмсап, ал қалғанын ысырап жасағаны белгілі болған.

Осылайша полицейлерге Қарағанды облысының тұрғыны хабарласып, көлік сатып алу үшін алаяққа 21 млн 700 мың теңге ақша бергенін айтқан. Тағы бір жағдайда тұрғын көлік алу үшін 3 миллион 300 мың теңге берген.

Жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыруға жұмылған Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысты деген күдікпен қала тұрғынын ұстаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады