Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балабақшадағы орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Астанада балабақшадағы орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр?
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазіргі уақытта Астана қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 66 119 баланы қамтитын 532 мекеме бар. Ал «INDIGO: электрондық балабақша» порталында 47 274 бала кезекке тіркелген. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев балабақша мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысының мәліметінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны төмендегідей:мемлекеттік ұйымдар – 100 (32 673 тәрбиеленуші); жекеменшік ұйымдар – 429 (32 740 бала); 706 баладан тұратын 3 ведомстволық балабақша.«Қазіргі уақытта «INDIGO: электрондық балабақша» порталында 47 274 бала кезекке тіркелген. 2023 жылдан бастап ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында 100 балабақшада баланы

«INDIGO» жүйесіне кезекке қою, балабақшадан орын алу сынды мәселелерге қатысты 100 консультациялық пункт жұмыс істеп тұр. Осы бойынша бүгінгі күні Астана қаласы бойынша 3 мыңға жуық ата-ана мен балаға көмек көрсетілді», - дейді басқарма басшысы.

Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы балаларды балабақшамен барынша қамтуға қолжеткізу үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 10317 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланған. Өткен жылы да 10317 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген болатын.

«Сондай-ақ, балабақшалардағы орын тапшылығын жою мақсатында, 2029 жылға дейін 60 балабақша салу жоспарланып отыр.Бүгінгі күні 10 балабақшаның жер телімдері белгіленіп, жобалау жұмысы басталды. Ал биыл 5 балабақша жергілікті бюджет есебінен салынады», - дейді Қасымхан Сенғазыев.








скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты