Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда жаңа балабақша қолданысқа берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және дәстүрлі «Қала күні – 2021» мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысының Круглоозерный кентінде бөбектер үшін жаңа балабақша есігін айқара ашты. Бұл нысанға кенттегі №23 бөбекжай көшірілмек. Басты мақсат -  балалардың жақсы жағдайда тәрбиеленуі әрі барлық балаларға жеткілікті орын болуын қадағалап, қамту. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қала әкімі Абат Шыныбеков, ауыл ақсақалдары мен белсенділері қатысып, бүлдіршіндер үшін жасалған жағдайды көріп қайтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

№23 бөбекжай бұған дейін мектеп ғимаратында орналасқан болатын. Круглоозерный кентінде мектепке дейінгі жастағы 200-дей бала тіркелген. Алайда осыған дейін 200 баланың 50-інде ғана білім алу мүмкіндігі болды. Ал жаңа ғимаратқа көшірілуімен балабақшада жаңа топтар ашылып, орын саны көбейтіліп отыр. Қала әкімі Абат Шыныбеков мектепке дейінгі ұйымдар мәселесін шешудің маңыздылығын жеткізе отыра, бар жақсылық балаларға болуы тиістігін айтып өтті. Сонымен қатар Абат Абайұлы өз сөзінде мемлекет басшысының балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен 100% қамтуды тапсырғанын және осы орайда өңірімізде жаңа заманға сай кең әрі бала дамуына зор үлесі бар балабақшалар салынып, қолданысқа беріліп жатқанын жеткізді.


Жаңа нысанды жаңғырту жұмыстарын «Қамқор  Құрылыс» ЖШС жүргізген. Аталмыш компания басшысы Таңат Нұрғазиев  шараға қатысушыларды құттықтап, жұмыста сәттілік тіледі. Келесі кезекте балабақша директоры Светлана Жұмахаеваға символикалық кілт табыс етілді.


Балабақша жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталып, заманауи түрде  безендірілген. Аталмыш нысанда музыкалық, спорттық залдар, дамыту, ойын және жатын бөлмелері, сонымен қатар асхана да толық қамтылған. Мұнда 4 топ жұмыс жасап, әр топқа 25  баладан қабылданады. Аулада әр топ үшін ойын алаңдары дайындалып, абаттандырылған. Жалпы ауданы 919,7 шаршы метрді құрайтын балабақшаның пайдалануға берілуімен жаңа 20 жұмыс орны ашылып отыр.


Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың айтуынша, қазіргі уақытта шаһардағы 16 мыңдай бүлдіршін мектепке дейінгі ұйымда тәрбие алады. Оның ішінде 3-6  жастағы балалар 100 пайыз қамтылса, 1-6 жастағыларды қамту 75,5 пайызды құрайды. Мемлекет басшысы қойған балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткішін арттыруда жеке  балабақшалардың ашылуы оң септігін тигізіп отырғанын атап өту керек. Қазіргі уақытта қаламызда  50  мемлекеттік балабақша болса, 84 жеке  балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді