Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Бұл халықтың мектепке дейінгі білім беру қажеттілігінің 70%-дан астамын қамтамасыз етеді, - деді ол.
Қазіргі күні елімізде 11 320 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 948 362 бала немесе еліміздегі балалардың 89,1%-ы тәрбиеленіп жатыр.
Сонымен қатар жыл басынан бері 29 620 орындық 307 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 2 818 орындық 3 мемлекеттік, 26 802 орындық 304 жеке мектепке дейінгі ұйым ашылды.