Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жекеменшік балабақшаларға қосымша 8 мың орынға тапсырыс беріледі

Биыл Астанада жекеменшік балабақшаларға 8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz


Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев атап өткендей, биыл балабақшадағы орын санын арттыру мақсатында мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарда 8 мың балаға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Сонымен қатар тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша 200 орынға арналған балабақшалар желісі ашылады.

«Былтыр балабақша тәрбиешілерінің 120 педагогі қайта даярлау курсынан және 641 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2023 жылы мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарынан жалпы 1 012 тәрбиеші өтеді. 2025 жылға дейін бейінді білімі бар тәрбиешілердің үлесін кезең-кезеңімен 100% жеткізетін боламыз», - деді Қасымхан Сенғазыев.

Сондай-ақ Басқарма басшысының айтуынша, биыл мектептерде көркем әдебиет қорын ұлғайту мақсатында бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді. Кітапханалардың интерьерін қайта жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда қаланың 36 мектебінде кітапханалар заманауи жабыдықталды. 46 мектепте оқырмандарға арналған коворкинг (сoworking) аймақтары ашылды. 2023 жылдың екінші тоқсанының соңына дейін 19 мектеп кітапханаларының интерьері (редизайн) жаңартылып, жаңа коворкинг орталықтары ашылады.

Бұдан бөлек, мәлім болғандай, биыл Астанада 2 мыңнан астам оқушыға арналған оқушылар сарайы іске қосылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты