Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз – Талғат Нәрікбаев

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Меморандумға қол қою рәсіміне «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры Евгений Кочетов қатысты.


Университет жанынан ашылған MEDIA CLUB пен «Медиа дамыту қоры» қоры бірігіп бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісті.


«Медиа-клуб аясында журналистердің құқық, экономика салалы бойынша білімін арттыру мақсатында ZAN&MEDIA курсын бастадық. Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз. «Медиа дамыту қорымен» меморандум аясында БАҚ өкілдеріне кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал ететін шаралар өткізуге дайынбыз. Журналистер қауымына университет есігі әрқашан ашық, екі тарап бірігіп жақсы жобаларды жүзеге асырамыз деген үміттемін», - деді КАЗГЮУ Университетінің төрағасы Талғат Нәрікбаев.


Ресми шара барысында «Медиа дамыту қоры» басшысы екі жақты келісім БАҚ өкілдерін оқытуда, саланың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.


«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының басты мақсаты – медиа сала мамандарының кәсіби потенциалын айқындау және біліктілігін арттыру арқылы медиа саланың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату. Ал, бүгін КАЗГЮУ университетімен жасасқан ынтымақтастық туралы меморандумымыз медиа саласы мамандарын оқытуына және бұл саланың дамуына өзіндік үлесін алып келеді деген сенімдеміз», - дейді Евгений Кочетов. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді