Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ХҮІ Еуразиялық медиа форум аясындағы дөңгелек үстелде Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

Фото: Владислав Семенов


Орталық Азияның 5 мемлекеті ортақ мәдени, тарихи және саяси ұқсастықтары бар. Дегенмен, көптеген сарапшылар мен аналитиктердің ойынша ОА мемлекеттері өзара бірігуі әлсіз. Табысты бірігудің арқасында олар көршілес мемлекеттердің тауарлар, энергия, капитал және еңбек нарығына ену мүмкіндігіне ие болады. Орталық Азияның 5 мемлекеті өзара ынтымақстығын арттыру үшін қандай шаралар қолдану керектігін қазақстандық және көршілес елдерден келген спикерлер «Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық» тақырыбындағы дөңгелек үстелінде талқылады, деп хабарлайды Kazlenta.kz


Орталық Азияны 2019 жылы не күтіп тұр? Аймақтағы экономикалардың дамуын тиімді ететін одақты қалай құру керек? ОА елдері толықтай бірігуге дайын ба және бұл қаншалықты ұзақ болады? Бұл және басқа да тақырыптарға келесі спикерлер жауап берді:


  • Андрес Ильвес, BBC-дегі фарсы, пушту және тәжік қызметінің бұрыңғы басшысы, Ұлыбритания

  • Мария Валовая, экономика ғылымдарының докторы, Г.В.Плеханов атындағы РЭУ профессоры, Одақтық елдің мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, Ресей

  • Уэйн Кертис Уэлдон, АҚШ өкілдері палатасының бұрыңғы мүшесі (1987–2007), «Jenkins Hill International» консалтинг компаниясының басты атқарушы директоры, АҚШ

  • Сунь Чжуанчжи, профессор, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерін зерттеу институтының директоры, Қытай

  • Ерлан Карин, саясаттанушы, ҚР президенті кеңесшісі, Қазақстан

  • Кайрат Абусеитов, төтенше және өкілетті елші, ҚР тұңғыш президенті – Елбасының қоры аясындағы халықаралық бағдарламалар үйлестірушісі, Қазақстан

  • МухамадОлимат,доктор, аналитик, Дипломатиялық академия профессоры, Біріккен Араб Әмірліктері

  • Аширов Арслан, Мемлекеттік ақпараттық агенттігі төрағасының орынбасары, Түрікменстан

  • Шерадил Бактыгулов, Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының сарапшы-консультанты, Қырғызстан

 
Фото: Владислав Семенов

Пікірталасқатысушылары Орталық Азия елдерінің қазіргі таңдағы даму серпінін, олардың экономикалықжәне демографиялық әлеуетін талқылады. Өзбекстан халықаралық қарым-қатынастарақпараттық-аналитикалық орталығының бөлім бастығы Мурад Узаковтың айтуынша ОА70 млн астам адам өмір сүреді. Бұндай үлкен адами ресурстар мемлекеттердіжақындастырудағы бірден бір үлкен себеп болып табылады. Дегенмен ОА әрбірмемлекетте өзінің қалыптасқан жолы бар.


Фото: Владислав Семенов

Саясаттану ғылымыныңдокторы, Ресей-Тәжік (Славян) университеті халықаралық қатынастар мендипломатия кафедрасының профессоры Хомида Саидованың ойынша, олар бұныөздігінен таңдаған, яғни сыртқы ықпалсыз.

Фото: Владислав Семенов

Дөңгелек үстел барысында қазіргі таңда өзекті боп отырған сұрақтар талқыланды, оның ішінде су ресурстарымен қамтамасыздық, трансшекаралық ынтымақтастық, халықаралыө қатерлер мен сауда. Дипломатиялық академия профессоры (БАӘ) Мухамад Олиматтың ойы бойынша, бірінші кезекте дәл осы мәселелер шешімін табуы тиіс. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалынуда; Қазақстанның бастамасымен жасалған ынтымақтастыққа жету, терроризмнен азат болу Кодексіне қол қою,  Қырғызстандағы «Орталық Азиядағы радиациялық қатердің алдын алуға арналған дүниежүзілік көшпенділер ойыны», Тәжікстандағы «Тұрақты даму үшін су» халықаралық конференциясы.


 Одан басқа спикерлер басқа да аймақтағы көршілермен қарым-қатынас орнату сұрақтарын талқылады. Олар Ауғанстанды келіспеушіліктер көзі ретінде емес, керісінше серіктес ретінде қарастыруды ұсынды. Тағы бір негізгі ұсыныстардың бірі, мемлекеттер бір-бірін қарсылас көрмей, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру.

Фото: Владислав Семенов

Қазіргі таңда ОА елдері бірнеше халықаралық ұйымдарға мүшелік етеді. Мысалы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ШЫҰ ресми түрде 2001 жылы құрылып, оның ішіне алты мүше кірген. Олар Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. «Шанхай рухы», яғни «өзара тиімділік және сенім, теңдік және кеңес, диверсификациялық өркениеттерді құрметтеу мен ортақ дамуға құлшыныс» ұйымның алдына алған принципі болып табылады. Өйткені ұйым мүшелері 3 салада серіктестік етеді: қауіпсіздік, экономика және гуманитарлық мәселелер. Г.В.Плеханов атындағы РЭУ профессоры Мария Валованый айтуынша, жаңа ұйымдар қазіргі таңда бар ұйымдардың көшірмесі болмау керек, керісінше белгілі бір мәселелерді шешу үшін және мемлекеттерді ынтымақтастыру үшін пайда болу керек.


Фото: Владислав Семенов

ОА мемлекеттерінің ұлттық статистикалық агенттіктерінің ақпараттары бойынша аймақтағы бірлескен тауарайналым 2018 жылдың қортындысы бойынша 11,6 млрд доллар құраған, яғни бір жыл ішінде 35,2 пайызға өскен. Бұдан жасайтын түйін ОА Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы транзит көпірі болып қана қоймай, жаһандық экономикаға өз септігін тигізе алады.


Фото: Владислав Семенов

Сессия қортындысы бойынша Төтенше және өкілетті елші, ҚР тұңғыш президенті – Елбасының қоры аясындағы халықаралық бағдарламалар үйлестірушісі Қайрат Абусеитов Орталық Азияның 5 мемлекетін бірігуге шақырып қана қоймай, ерекшеліктерін сақтап қалуға үндеді.


Фото: Владислав Семенов

ХҮІ Еуразиялық медиа форум 22 – 24 мамыр аралығында Алматы қаласында The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде өтіп жатыр. Форумның биылғы тақырыбы – «Бүгінгі әлем: Шынайылықтың өзгеруі». Күн тәртібінде жаһандану үрдісі, тұтыну кризисі, медиа саласын цифровизациялау, сонымен қатар жасанды интеллект пен жаңа технологиялар аясындағы даму мүмкіндіктері.


ЕМФ Орталық Азиядағы жетекші тәуелсіз диалогтық платформа ретінде негізгі мақсаты – саясаткерлер, журналисттер мен сарапшылардың ашық түрде Қазақстан, Еуразия және бүтін халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерін талқылауға жағдай жасау.


ХҮІ Еуразиялық медиа форумның бас серіктесі – «Самрұқ - Қазына» АҚ


 Ресми сайты – http://eamedia.org/ru/скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді