Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін қауіпсіздік шаралары талқыланды

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін қауіпсіздік шаралары талқыланды
Фото: polisia.kz

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін қауіпсіздік шаралары талқыланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талқылау жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік кәсіпорындарының бірінде өткен жиын аясында болды. Онда үшінші адамдардың заңсыз әрекеттерінен жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру бойынша өңірлік шаралар әзірленді.

– 11-15 қаңтар аралығында республика аумағында жергілікті атқарушы органдармен, көлік министрлігі көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және жұртшылық өкілдерімен бірлесе отырып, “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Басты мақсат – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полицияда қоғамдық көлік салонын “102” арнасына шығатын дабыл түймелерімен және көлік ұйымының диспетчерлік қызметімен жабдықтау, ревизия жүргізу және автобустарды бейне және дыбыс жазу функциялары бар бақылау камераларымен жаңарту мәселелерін қарастыруды, сондай-ақ көлік ұйымының диспетчерлік қызметі, көлік жүргізушілеріне төтенше жағдайлар және қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда көлікті толығымен тоқтату шараларын қабылдауды және “102” арнасы арқылы дереу полицияға хабарлауды ұсынады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді