Алматы тұрғыны жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлігін басқаруға рұқсат берген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматының Медеу ауданында патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатты.
– Шетелдік көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адам басқарғаны белгілі болды: ол ешқашан куәлік алмаған. Көлік иесі 2000 жылы туған Д.есімді азаматша жігіттің қасында отырды. Бойжеткен өзінің қателігін мойындады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік құралын басқарған жүргізуші – 2003 жылы туған Ф.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.
Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қарашасы аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.