«Алматы қаласы халықаралық әуежайында әуе қатынасының қалпына келуіне байланысты жолаушылар ағыны өсуде. Өз кезегінде көлік полициясы қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданды.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарымызда», – дейді Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліпов.
Оның айтуынша, әуежайдағы көлік сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нысанында жұмыс істеуде. Полицейлер қоғамдық тәртіпті пен жүктерді сақтауға, сондай-ақ іздестіруде жүрген тұлғаларды анықтауға баса көңіл бөлуде. Қарап-тексерудің алғашқы сатысында әсіресе, тыйым салынған заттарды анықтау.
«Жеке құраммен жолаушыларға барынша көмек көрсетуге бағытталған тиісті нұсқамалар жүргізілуде. Жжолаушыларды тексеру ісі авиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірлесіп, рапискандар және металл іздеу құрылғыларын қолдана отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі күні тыйым салынған заттарды тасымалдауға жол беріл жоқ.
Қазіргі уақытта терминалға кіруге тек ұшатын жолаушыларға ғана рұқсат берілген. Әуе жолаушылары мен олардың жүктерін қарап-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты жолаушылардан полиция қызметкерлерінің олардың құжаттарын тексеру кезіндегі әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймын», – деді полиция подполковнигі.
«Тыйым салынған заттарды сақтау, тасымалдау әрекеті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын атап өткім келеді», – деді Талғат Құдайбергенұлы.
Бұдан басқа шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР көші-қон заңнамасы талаптарын сақтауына бақылау күшейтілген.
«Қазіргі уақытта еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсармай, керісінше, күн сайын СОVІD-19 диагнозы расталған тұлғалардың саны артып отырғанын қаперге береміз. Осыған орай, азаматтарға әуежайлар мен басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауларын, жеке қорғану құралдарын қолдануларын сұраймыз», – деп ол.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылғы 13 қаңтардан бастап Алматы қаласы әуежайының жұмысы қайта қалпына келтірілгеннен кейін Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейс қатынай бастады.