Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды.Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді.Ер адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр.