Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тішісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21-23 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, күтіледі. 21 желтоқсанда күндіз, 22-23 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 22 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 21-23 желтоқсанда тұман күтіледі.
21-22 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 21-22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 21-22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі
22 желтоқсанда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертен және күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
22-23 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, күндіз 22, тәулігіне 23 желтоқсанда екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.
22 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды қ.: 22 желтоқсанда тұман күтіледі.
22 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қ.: 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с.
Петропавл қ.: 22 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
22 желтоқсанда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 22 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі.
Көкшетау қ.: 22 желтоқсанда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
22 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау қ.: 22 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.
22 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ сақталады. Жел шығыстан соғады, облыстың шығысында түнде және таңертең күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 22 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ сақталады. Жел шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 22 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.