Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz


Түнде және таңертең 2 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 02 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Бүгін Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Қызылордада 02 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Сонымен қатар түнде Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі. Қарағандыда 2 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

 

2 қарашада Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында  оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 2 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда 2 қарашада түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 18 м/с. 2 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкентте 2 қарашада таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда 2 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Түнде және таңертен 02 қарашада Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 2 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз 02 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

                                

Бүгін сондай-ақ Атырау облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырауда 2 қарашада батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде солтүстгінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қалада бүгін күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді