Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Фото: zakon.kz

23 ақпанда Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасалды, деп хабарлайды kazlenta.kz Zakon.kz. сайтына силтеп.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, облысының оңтүстігінде, шығысында қөқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты