Қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды.
Оның ішінде:
• Асфальтбетонды - 2 189,5 шқ (64,7%)
• Шағал тасты - 935,6 шқ (28,8%)
• Топырақты - 122,5 шқ (3,8%)
2023 жылы жол құрылысы саласы бойынша 277 нысанға немесе 297,7 шқ көшеге жөндеу жұмыстары жргізіліп, оның ішінде 252 нысанның немесе 229,1 шқ көшенің құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. 2 нысан немесе 1,9 шқ көшенің құрылысын жыл соңына дейін пайдалануға тапыру жоспарлануда. Қалған 22 нысан немесе 63,1 шқ 2024 жылға өтпелі.
Құрылыс және қайта құру бойынша қазіргі таңда, 63,9 шақырым көше немесе 23 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 10,7 шақырым көше немесе 7 нысанның құырылыс жұмыстары аяқталған. Жыл қорытындысымен 1,9 шақырымды құрайтын 2 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған 51,3 шақырым көше немесе 13 нысан 2024 жылға өтпелі.
Қүрделі және орташа жөндеу бойынша:
Қазіргі таңда, 230,0 шақырымды құрайтын 255 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 218,4 шақырым көше немесе 245 нысанның құырылыс жұмыстары аяқталған (3 оң жақ өткел, 1 көпір, 4 ауданда труатуар, 23 магистралды көше және 224 ішкі орам көше). Қалған 11,8 шақырым көше немесе 9 нысан 2024 жылға өтпелі.
2023 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағатттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 71,2 пайызға жететін болады.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша:
2023 жылы 4000 жол белгілерін, 10 бағдаршам, 6 белсенді жаяу жүргінші өткелін, 800 м жасанды жол кедергілерін орнату, 296 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау және 450 шқ жол таңба сызу жоспарланған. Қазіргі таңда, 4 000 жол белгілері, 10 бағдаршам, 6 белсенді жаяу жүргінші өткелі, 800 м жасанды жол кедергілері орнатылып және 450 шақырым жол белгі сызылды.
Өзге де атқарылған жұмыстар:
• 66,8 шақырым шағал тас төсеу жоспарланып, толығымен орындалды.
• 250 аялдама орнату жоспарланып, қазіргі таңға 130 аялдама орнатылды. Қалған 20 аялдама жыл соңына дейін орнатылады. Ал 100 аялдама 2024 жылға өтпелі.
Қоғамдық көлік саласына тоқталсақ:
Шымкент қаласында жалпы 1020 автобус бар. Оның 640 газ-метанмен, ал 380 дизельмен жүреді.
Қазіргі жағдай бойынша жалпы 77 маршрут, 914 кесте, 11 тасымалдаушы компания бар. Әлеуметтік мәні бар, субсидиялық маршруттар саны 77.
Электронды «Төлем» жүйесі бойынша 534 мың төлем карта сатылды. Қазіргі уақыттағы транзакция 330 мыңнан кем емес. Ал I-kolik қосымшасы бойынша 100% қоғамдық көлік ендірілді. Қазір қосымшаның 200 мыңнан астам қолданушысы бар. Сонымен қатар, 2ГИС мобильді қосымшасы арқылы бақылау жоспарануда. Үшінші мегаполистің жол инфрақұрылымы саласында атқарылған шаралары ауқымды. Әрбір тиянақты тірлік мемлекеттің тікелей бақылауымен іске асырылып отыр.
19-12-2023, 17:47
Шымкентте жол инфрақұрылымын дамыту шаралары мықтап қолға алынған
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз