2023 жылы қалалық құрылыс басқармасы тарапынан Концепция аясында мемлекеттік бюджет есебінен 46,4 млрд. теңгеге 330,4 мың шаршы метрді құрайтын 4306 пәтерлі 100 көпқабатты тұрғын - үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде:
• арендалық 8 үй (660 пәтер)
• кредиттік 92 үй (3646 пәтер) .
Ағымдағы жылдың қорытындысымен 100 тұрғын үйден 136,7 мың шаршы метр құрайтын 1816 пәтерлі 36 тұрғын үйді (кредиттік-30, арендалық-6) пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңға, 41,5 мың шаршы метр құрайтын 540 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.
Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді, жалпы 1405 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланған. Бүгінгі таңда, жұмыс істейтін жастар бойынша 554 пәтер сатып алынса, халықтың әлеуметтік осал топтары бойынша 363 пәтер сатып алынған.
Қалған 458 пәтер (жұмыс істейтін жастар-346, халықтың әлеуметтік осал топтары-112) жыл соңына дейін сатып алынатын болады.
Сонымен қатар, құрылыс басқармасы тарапынан білім саласында 2023 жылы 6,0 млрд.теңгеге 7 нысанның (3 450 орын) құрылысын жүргізіп, 6 нысанды (2 950 орын) пайдалануға тапсыру жоспарланған болатын. Қалған 1 нысанның (Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайының құрылысы – 500 орын) құрылысы 2024 жылға өтпелі.
10 айдың қорытындысымен 5 нысан пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде:
• Нұрсат ш.а. Оқушылар сарайының құрылысы;
• № 8, 45, 65 мектептерге қосымша ғимарат құрылысы
• Майлин көш. №4 мекен-жайында орналасқан өнер мектебінің құрылысы.
Бұған қоса, 1 нысанның (Сайрам ш.а. №10 колледждің қосымша ғимаратының құрылысы) құрылысы жыл қорытындысымен пайдалануға тапсырылатын болады.
Бұдан өзге, спорт саласында 4 нысанның : қаладағы Металлург стадионы, Бозарық шағын ауданындағы ауыратлетика резерві спорт мектебі, Желтоқсан көш. №22 мекен-жайда орналасқан медициналық колледж спортзалы, Сайрам шағын ауданындағы №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат. Жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізуге 1,0 млрд.тг. қаралды. 10 айдың қорытындысымен 3 нысан пайдалануға тапсырылды. Ал Сайрам №12 спорт мектебінің қосымша ғимарат құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Мәдениет саласындағы 1 нысанның, яғни Шымкент сити шағынауданындағы Конгресс-холл құрылысын аяқтауға 2023 жылға 11,2 млрд.тг. қаралды. Нысанның құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға тапсырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментіне бүгінгі таңда, 2 нысан (ӘІО 4 автокөлікке депо құрылысы және Түркістан көш. 4 автокөлікке депо құрылысы) аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, Сайрам шағын ауданындағы 4 автокөлікке арналған депо құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Абаттандыру саласында 2 нысанның құрылысын жүргізуге 6,0 млрд.тг. бөлінді. Нысандардың құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Денсаулық сақтау саласында 1 нысанның яғни, стационар құрылысын аяқтауға 1,3 млрд.тг. қаралды. 10 айдың қорытындысымен нысан пайдалануға тапсырылды. Ауыл шаруашылығы саласында 2 нысанның құрылысын жүргізуге 700,0 млн.тг. қаралды. Жыл қорытындысымен нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады.
Мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары саласында 2023 жылы 3 нысанның құрылысын жүргізуге 1,5 млрд.тг. қаралды. Нысандардың құрылысы 2024 жылға өтпелі.
19-12-2023, 17:42
Шымкент: құрылыс басқармасы атқарған жұмыстар ауқымды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз