Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте тегіс тас жолдың үлесі артты

Шымкентте тегіс тас жолдың үлесі артты
Фото: pixabay.com

Шымкентте биыл 245 орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның ішінде, 172 көшеде құрылыс аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілген.

Жалпы, Шымкент қаласының дамуы жолында жол инфрақұрылымы мен көлік саласын өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Статистикаға сәйкес, Шымкент – автокөліктің көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі. Осы мәселеге орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамуда. Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.  

Сонымен қатар, орталық жол жамылғысы тозған магистралды 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, олар – Уәлиханов, Гагарин, Дулати, Қонаев, Тәуке хан, Қазыбек би, Желтоқсан, Назарбеков, Аймауытов, Қабанбай батыр, Анаров, Жансүгіров, Абай, Алпысбаев, Орынбаев көшелері. Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Ал, Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы аяқталды. Өтегенов көшесінің жалғасын салу нысаны Шымсити шағын ауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықта, ұзындығы 2,2 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін, құрылыс нысанында жұмыстың 85 пайызы орындалған.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен кептелісті азайту мақсатында кешенді жұмыстар іске асырылып отыр. Одан бөлек, 16 шақырымды құрайтын Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан қала аумағымен қатынайтын транзиттік және басқа да автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін азайтуға және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне септігін тигізбек. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Ташкент –Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, Шығыс айналма жолының құрылысы, Бәйдібек би даңғылынан кірме жол құрылысы, Қызылсай елді мекенінен кірме жол құрылысы, Интернациональная көшесіндегі көпірді күрделі жөндеу және Адырбеков көшесін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда. Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді