Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті азайтуды жоспарлап отыр

Қазақстан көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті азайтуды жоспарлап отыр
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Су кеңесінің отырысында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанның су қоры 102,3 текше шақырымды құрайды. Оның 54%-ы ел аумағында қалыптасады, ал қалған 46%-ы көршілес елдерден келеді. Экономиканың қажеттіліктері үшін жылдық су тұтыну шамамен 25 текше шақырымды құрайды. Оның 65%-ы ауыл шаруашылығына, 25%-ы өнеркәсіп қажеттіліктеріне жұмсалады.

Жалпы, түгендеу нәтижелері бойынша елімізде 17 736 өзен және уақытша су ағындары,4 024 көл, 4 540 жерасты су кен орындары, 13 175 су шаруашылығы құрылымдары бар.

Елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның тапшылығы мәселесін шешу үшін Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Ол су қоймаларын салу және күрделі жөндеу, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелер мен топтық су құбырларын реконструкциялау бойынша бірқатар шұғыл шараларды қамтиды.

Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстарын 3,7 текше шақырымға, ал суармалы жер көлемін – 2,2 млн гектарға дейін ұлғайтуға, егіндік суының жыл сайынғы шығынын 3 текше шақырымға азайтып, 55 мыңнан тұрғыны бар 41 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 2024-2026 жылдары 9 облыста көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл суармалы жер көлемін 250 мың гектарға ұлғайтуға, 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтуға және Қазақстанның көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділігін орта есеппен 25%-ға төмендетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар 9 облыста көлемі 1,9 км3 қолданыстағы 15 су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл қосымша 74 мың гектар суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етіп, 70 мың тұрғыны бар 64 елді мекенді су басу қаупін азайтады.

Сонымен қатар ирригациялық жүйелерді реконструкциялау, суару арналарын цифрландыру, Қ.Сәтбаев атындағы стратегиялық каналды жаңғырту жұмыстары және т. б. жүргізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін суару жүйелерін салуға, сондай-ақ тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығыстарды субсидиялау үлесін 50%-дан 80%-ға дейін арттыру жоспарланған. Бұл 2026 жылға қарай оңтүстік өңірлерде су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жер көлемін 42%-ға (613,6 мың га) дейін ұлғайтуға және 1,5 км3 суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Премьер-Министр жоспарланған іс-шараларды іске асыруға отандық компанияларды, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірушілерді белсенді тарту, ал тұтынылатын су көлемін анықтау үшін ғарыштық мониторинг технологияларын дамытуды жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Тағы бір маңызды бағыт – ауыл шаруашылығы саласында суды тиімді пайдалану.

«Біз жыл сайын 150 мың гектар суармалы алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізуге тиіспіз. Қазір жылына 40-50 мың гектар ғана қамтылуда. Бұл ретте, су тапшылығынан ең көп зардап шегіп отырған оңтүстік өңірлерде үнемдеу технологияларын енгізу көлемі жеткіліксіз. Жыл соңына дейін су үнемдеу технологияларын қолдануды ынталандырудың нақты тетіктерін әзірлеу қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы көптеген мәселенің шешімін таппай отырғанын атап өтті. Олардың қатарында Ұлттық гидрогеологиялық қызметті құру, «Қазсушар» РМК-ны реформалау, Каспий теңізінің проблемалары бойынша институт құру, сондай-ақ суаруға арналған тарифтерді бекіту бойынша, жерді гидромелиорациялау және жерасты суларының мониторингі бойынша функцияларды беру, жалпы су саласын цифрландыру мәселелері шешілмеген. Осыған байланысты Үкімет басшысы аталған бағыттардағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді