Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 3,6 мыңнан астам ауыз су орны барланған

Қазақстанда 3,6 мыңнан астам ауыз су орны барланған
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 15,5 текше шақырым мөлшерінде су қоры бар 3 692 ауыз су орны барланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл шаруашылықты және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл ретте, елімізде жылына шаруашылық – ауыз су қажеттіліктері үшін 1 текше шақырымнан сәл артық су алынады.

Су кодексінің қолданыстағы редакциясына сәйкес ауыз су көздері қорын сақтау ластанудан және бітелуден қорғалған жерасты су объектілерінің базасында жүзеге асырылады.

«Бұл ауыз су қоры тіршілік нәрі жетіспеген жағдайда қажет болады. Біз жер асты суларын зерттеуге көп көңіл бөлеміз. Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жер асты су ресурстарына мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет құрылатын болады. Сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің жер асты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі біздің министрліктің құзыретіне өтеді», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді