Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысы аумағында мал ұрлығының 42 фактісі тіркелді

Ақтөбе облысы аумағында мал ұрлығының 42 фактісі тіркелді
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағында мал ұрлығының 42 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүк және жеңіл автокөліктер тексерілді. ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтың 56 дерегі анықталды.

Сондай-ақ мал ұсталатын жерлер тексерілді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзу) бойынша 88 бұзушылық анықталды. Осы фактілер бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мал ұрлығының 5 фактісі анықталды, оның 4-еуі бұрын жасалған қылмыс.

Жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 42 фактісі тіркелді, оның жартысынан көбі ашылды.

“Мал ұрысы” ЖПІШ-ның мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарларын сату, сою, сақтау орындарын анықтау, сою пункттерін, иесіз жүрген малды тексеру және малды заңсыз тасымалдауды анықтау, сондай-ақ ет өнімдерін сататын базарларды, қабылдау-сату орындарын аралай отырып, ұрланған малдың терісін, етін табу мәніне тексеру болып табылады. Ет өнімдерін жеткізушілердің тиісті құжаттарының болуы да тексерілді.

Бұл жұмысты полиция қызметкерлері жергілікті ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекцияларының өкілдерімен бірлесіп жүргізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді