Ақтөбе облысында жыл басынан бері 122 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері заңсыз көші-қон фактілерінің, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуының алдын алу, анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізеді. Бұл шаралардың барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сотпен елден шығару түріндегі әкімшілік жазалар қолданылатын шетел азаматтарының саны аз емес.
Мамыр айының өзінде Ақтөбе облысы полиция департаментінің көші-қон қызметімен облыс аумағында өздерінің жеке басын анықтайтын құжатсыз, ел аумағында заңсыз жүрген және тиісті құжатсыз заңсыз жұмыс жасаған 122 шетел азаматы анықталып, оның ішінде 40 шетелдік сот қаулысының негізінде әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды.
Облыс аумағында жыл басынан бастап көші-қон заңнамасын бұзған 457 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 122-сі ел аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.