Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, Д.есімді азамат кем дегенде 17 қала тұрғынын алдады деген күдікке ілінді.

– Айыпталушы азаматтарға ай сайын қажетті соманы төлеп отыруға уәде беріп, автокөлікті несиеге рәсімдеуге көндіргені белгілі болды. Ақша мен көлікті алған азамат көлікті үшінші адамдарға қайта сатып, қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған.

Аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегіне сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Зардап шеккендер көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан, осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді