Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылықтарды 30 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ қамауға алынды

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері 39 жастағы П.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Ер адам бірнеше алматылықтарды алдаған деген күдікке ілінді. Оның әрекетінен келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 30 миллион теңгені құраған. Алданған азаматтар күдіктінің заңсыз әрекеттерін өз арыздарында көрсеткен. Арызданушылардың бірінің нұсқасына сәйкес, ол П.есімді азаматпен интернетте танысқан. Жаңа танысы БАӘ немесе Еуропадан нарықтан төмен бағаға көлік алуға көмектесуді ұсынды. Күдіктіге 30 мың доллар көлемінде ақша аударылғаннан кейін ол байланысқа шығуын тоқтатқан, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қамауға алынды. Істі қарау барысында оның тағы бірнеше осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар екені анықталды – қаскөй кепілге қойылған пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік беремін деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Бұл жолы ол өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің тарату комиссиясының мүшесі ретінде көрсетті.

– Тағы бір эпизодта П.есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға көмектесуге уәде берген. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Осы тұлғаның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727, – деп қорытындылады Ысқақов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті