Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жастарды қолдаудың жаңа шаралары әзірленуде

Елімізде жастарды қолдаудың жаңа шаралары әзірленуде
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте жастар саясаты саласындағы жағдай талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған бағыттағы атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Елімізде жастарды қолдау мақсатында көптеген жаңа жобалар әзірленуде. Олардың көпшілігі азаматтардың жан-жақты дамуына, қоғамдық шараларға белсене араласуына бағытталған. Қазақстандықтардың зиянды әуестікке бейім болмауы және бірқатар тұрмыстық мәселені шешуге қатысты ауқымды жұмыстар қарастырылған. Атап айтқанда, жастарды қысқа мерзімді курстарда оқытып, жұмыспен қамту, сондай-ақ өзінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға көмектесу жоспарланып отыр. Бұл санаттағы азаматтарды «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесе отырып әзірленетін бірыңғай тұрғын үй жобасына тарту жолдары да қарастырылмақ. Кеңесте репродуктивті денсаулықты сақтау туралы мағлұмат беруге, нашақорлық, лудомания секілді өзге де тәуелділіктердің алдын алуға бағытталған жобалар да таныстырылды.

«Жастарды қолдау – біздің жұмысымыздың маңызды бағыты. Ұсынылған жобаларды қолдаймын. Мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге мекемелермен әр тармағын мұқият қарастырған жөн. Жобалардың орындалу барысын да ұдайы қадағалап отыру аса маңызды», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты