Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Үкіметте балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте министрліктер мен әкімдіктердің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту, мектептердің санитариясы, тамақтандыруды және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен сауықтыру лагерлерін құру жөніндегі жұмыстарының қорытындылары тыңдалды. Вице-премьер бұл мәселелердің ерекше бақылауда екенін және Үкімет тарапынан тұрақты түрде қаралатынын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Оқу-ағарту вице-министрі Е. Оспан бейнекамераларды тексеру нәтижелері мен мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі туралы баяндады.

Т. Дүйсенова Оқу-ағарту, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктеріне білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция министрліктеріне халықаралық талаптарды ескере отырып, мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктеріне жазғы лагерьлердің қызметін мұқият зерделеп, орын алған барлық кемшіліктерді жоюды және келесі маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.

«Балалардың демалысы мен бос уақытын өткізетін нысандар, балалар орталықтары көпфункционалды болуы тиіс, онда балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық, физикалық дамуы қамтамасыз етілуі қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді