Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өткізді

Тамара Дүйсенова тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

16 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшыларының орынбасарлары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының іс-шаралар жоспарының қайта қарау жобасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыда күшейту, сондай-ақ 2023-2024 жылдарға арналған отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша 5 жүйелі бағыт қарастырылды. 

Олар:

1. Профилактикалық шаралар (қиын жағдайға тап болған отбасы мен адамдарды анықтау, олардың алғашқы оңалту шаралары);

2. Инфрақұрылымды кеңейту: қайталама, үшінші реттік оңалту, реинтеграция;

3. Мамандармен қамтамасыз ету;

4. Заңнама;

5. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 

Жиналыс қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдарға бір апта ішінде айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша Іс-шаралар жоспарын қайта пысықтауды тапсырды. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады