Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жүргізушілерді автоматтандырылған медициналық куәландырудан өткізу үрдісі сынақ режимінде іске қосылды

Астанада жүргізушілерді автоматтандырылған медициналық куәландырудан өткізу үрдісі сынақ режимінде іске қосылды
Фото: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Астана қаласының №3 автобус паркінде Үкімет Аппараты, Көлік министрлігі және Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «City Transportation Systems ЖШС өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында аталған жүйенің жүргізушіні автоматтандырылған биометриялық сәйкестендіруі, көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясы, алкогольдік масаңдықты тексеру, дене температурасы, қан қысымы және пульсін өлшеу мүмкіндіктері көрсетілді.

Медициналық куәландыруды автоматтандырылған режимде жүргізу бұл үрдіске бұрын-соңды жұмсалған уақытты 1 минутқа дейін қысқартуға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге, бюрократияның алдын алуға және жүргізушілерді тексеру нәтижелерінің электрондық тізілімін жүргізуге мүмкіндік береді. Медициналық жабдықты автопарктің штаттық медицина қызметкерлерінің міндетті бақылауымен 1 ай ішінде сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

Жабдықты тестілеу қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері жан- жақты қарастырылып, пайдалану аясын кеңейту мәселелері мүдделі тараптармен талқыланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Көлік министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №14 бұйрығымен жүргізушілерді рейстің алдында және рейстен кейін медициналық куәландырудан балама түрде өткізуге қатысты Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына түзетулер енгізілген болатын. Аталған түзетулер биыл 16 қазаннан бастап заңды күшіне енді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады