Бүгінде аталған даңғыл бойынша 15 қалалық бағдар жүреді, олардың жалпы саны 175. Осылайша, аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылық жасалады.
"Сондай-ақ бөлінген жолақ бойынша қоғамдық көлік қозғалысы аялдамалардағы қарбалас сағаттарда жолаушылардың күту уақытын 18 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Даңғылда қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылады және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінде көліктің бұрылуы үшін алаңдар жабдықталады, бұл жол қиылыстарындағы жүктемені азайтады. Қазіргі таңда Жеңіс даңғылы мен Есенберлин көшесі - Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол белгілерін белгілеу жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.