Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан көлік тізгініне отырған

Ақтөбе облысында бұрын көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан көлік тізгініне мас күйінде отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.


9 желтоқсанда Қобда ауданының ПБ қызметкерлері “Самара-Шымкент” автожолының 618 шақырымында (Қобда ауылынан 1 шақырым жерде) 37 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан “Тойота–Альфард” автокөлігін тоқтатты.


Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды, сондай-ақ одан алкогольдің исі шығып тұрған. Жүргізуші медициналық куәландырудан өткізу мақсатында медициналық мекемеге жеткізілді, онда оның көлікті “жеңіл дәрежелі” мас күйінде басқарғаны анықталды.


Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді