Оның барлық деңгейінде сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. Жаңа оқу жылында 24-і (барлығы 43 мектеп, 19192 оқушы) қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша білім алса, 19 мектеп 3832 оқушыға дәстүрлі түрде білім беруде (16 ОМ, 3 негізгі мектеп). Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында барлық білім беру объектілерінде бейнебақылау орнатылды.
Бұл туралы «ZOOM» платформасы арқылы онлайн жүйесінде ауданның білім беру саласы қызметкерлерімен өткен кездесуде айтылды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021 жылы 300 орындық мектепті пайдалануға беруге, 2021 жылы – Ы. Алтынсарин атындағы, 2022 жыл – С. Сейфуллин орта мектебі, 2023 жыл – Амангелді атындағы, 2024 жылға Суханбаев атындағы 4 мектепке күрделі жөндеу және 3 мектепке қосымша құрылыс салуға ниетті.
2021 жылы - 100 орындық Шахан және Сеңкібай ауылдарында, 2022 жыл - 600 орындық, Көктал ауылында, Үлгілі ОМ оқу кабинеттері, Ақбозов ОМ жапсарлас спорт залы мен асхана жанама құрылыстары, 2023 жыл - 600 орындық Сарыкемер ауылында, Пушкин ОМ жапсарлас спорт залы мен асхана жанама құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.
Басты назар материалдық - техникалық базаны нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталатын болады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 95,6%-ға дейін қамтуға қол жеткізу үшін мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту жұмыстары жүргізілмек.
Онлайн байланысқа шыққан партиялық тізімдегі аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Гульсун Ешеева, Сания Алтаева, Құралай Үкібаева, Жомарт Келгенбаев партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар жөнінде ақпараттар беріп, барша білім беру саласы өкілдерін сайлау күні өз таңдауларын жасауға шақырды.
Автор: Мұхтар МАНЕКЕЕВ, блогер
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.