Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-дағы білім нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұрын-соңды болмаған қаражат бөлінді

Тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыста мектептер мен балабақшаларды салу ісі кең ауқымда жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ағымдағы жылдың ыркүйек айында 3 жаңа мектеп қолданысқа беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Қазақ халқының ұлы ойшылы әрі ақын Абайдың 175 жылдығына орай Абай ауданының Қарауыл ауылында Назарбаев интеллектуалдық мектебінің стандарттары бойынша жабдықталған 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Сонымен қатар Өскемендегі Ахмер ауылында 1000 орындық жаңа мектеп ел игілігіне беріледі.


Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 600 орындық  пен 300 орындық интернаты бар мектеп ашылады. Онда аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан және облыстағы қалалардан келген балалар оқитын болады. Бұл мектеп әскери бағытта тәлім-тәрбие береді. Егер нәтижесі оң болса, облыстағы басқа білім ошақтарында да осы әдіс қолданылмақ.


Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Өскеменде 915 орындық 5 балабақша ашылады. Аталмыш нысандар Есенберлина, Революционный, Байбатчина, Өтепов көшелерінің бойында және Ахмер ауылында бой көтереді.


Сондай-ақ облыс орталығында жас техниктер стансасында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген соң қосымша білім беру мақсатында SMART-орталық ашылады.


Аймақ басшысы ағымдағы жылы 423 білім нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,9 млрд. теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 есе көп. Қазіргі күні 423 нысанның 381-де тиісті жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған ғимараттар 20 тамызға дейін қолданысқа беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда