Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан аумағы арқылы есірткі тасымалдаған Үндістан азаматы ұсталды

Қазақстан аумағы арқылы есірткі тасымалдаған Үндістан азаматы ұсталды
Фото: polisia.kz

Қазақстан аумағы арқылы есірткі тасымалдаған Үндістан азаматы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде Қазақстанның көлік полицейлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жолаушылардың бірін ұстады. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

Тексеру барысында 36 жастағы Үндістан азаматы Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жолға шыққаны анықталды. Күдікті БАӘ-ден Алматы қаласына ұшып келіп, жолаушылар пойызымен Ташкент қаласына бет алған.

– Тексеру барысында шетелдік азаматтың сөмкесінен гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта құқық бұзушы Арыс қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған, – деді Б.Малыбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты