Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР көші қон заңнамасын бұзған Үндістан мен Тәжікстанның 13 азаматы жауапкершілікке тартылды

ҚР көші қон заңнамасын бұзған Үндістан мен Тәжікстанның 13 азаматы жауапкершілікке тартылды
Фото: pixabay.com

ҚР көші қон заңнамасын бұзған Үндістан мен Тәжікстанның 13 азаматы жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ташкент–Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 21 және 37 жас аралығындағы Үндістанның 9 азаматын анықтады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен астам уақыт ішінде елден кетуден жалтарған.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жоғарыда аталған шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды.

Көлік полицейлері осыған ұқсас құқық бұзушылықты Түркістан – Павлодар бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде де анықтады. Бұл жолы Тәжікстан Республикасының 4 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сот шешімімен әрқайсысына 25 АЕК (86 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1178 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзған 951 шетелдік азамат бар. Соттардың қаулысымен елімізден 232 шетелдік азамат шығарылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты