Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін елімізде 4 жолақты жолдарды көбірек салу жоспарланып отыр

Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін елімізде 4 жолақты жолдарды көбірек салу жоспарланып отыр
Фото: pixabay.com

Көлік министрлігі авариялық-қауіпті учаскелер санын азайту мақсатында автомобиль жолдарының техникалық параметрлерін жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері тақырыбында өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев Қазақстанда автомобильдердің қарама-қарсы соқтығысуын болдырмау үшін республикалық маңызы бар 3 мың шақырым жол I техникалық санатқа ауыстырылып, бөлу жолақтары мен тосқауылдары орнатылғанын хабарлады.

«Алдағы уақытта қозғалыс қарқындылығына қарамастан қалалар арасында 4 жолақты қозғалысы бар 4 мың шақырымнан астам республикалық автожол салу жоспарланған. Бұл «Жезқазған-Қарағанды», «Атырау-Орал», «Ақтөбе-Қызылорда», - деді баяндамашы.

Құрылыс кезеңінде жол-көлік апаттарының санын азайту үшін министрлік бірқатар жүйелі шара қабылдауда. Мәселен, жолдарды бөлек салу мәселесі нормативті түрде бекітіліп, бұл уақытша айналма жолдарда жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл норма жобаланып отырған «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» және «Қарағанды-Жезқазған» жобаларында алғаш рет іске асырылатын болады.

Сонымен қатар Т.Ластаев халықаралық қаржы институттарының қарыздары есебінен қаржыландырылатын жол жобаларында EuroRAP консультанттары міндетті түрде жол қауіпсіздігін бағалау жұмыстарын жүргізетінін айтты. ХҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым республикалық автожол тексерілді. ЕҚДБ қарызы шеңберінде тағы 5 мың км бағалау жұмыстары жалғасатын болады. Жол қауіпсіздігін бағалауды жүргізу жұмыстары «Балқаш-Бурылбайтал» және «Қызылорда-Жезқазған» қайта құру жобаларында көзделген. Болашақта мұндай жұмыстарды басқа жобалар шеңберінде де жүргізу жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді